Алматы облысында «ASYL JÚREK» сыйлығының иегерлері анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «ASYL JÚREK» сыйлығының иегерлері анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағаны белгілі. Мемлекет басшысының игілікті идеясын жетісулықтар ыстық ықыласпен қабыл алып, талай игі істің ұйытқысы болды. Қоғамдық ортаға ерікті де ынталы түрде пайда тигізуді мақсат еткен азаматтардың қатары күн санап артып, әрбір азамат барынша қолынан келген көмекті көрсетуге дайын екендігін ісімен дәлелдей білді.

Осы орайда өңір басшысы Амандық Баталов жыл бойы ерекше белсенділік көрсетіп, қиын-қыстау кезеңде қолдауды қажет еткен жандарға жүрек қалауымен жақсылығын аямаған жандарға арнайы «ASYL JÚREK» сыйлығын тағайындаған болатын.

Волонтерлер жылы қорытындыланып, облыс әкімінің жүлдесіне лайықтылар анықталды.

Атап айтқанда:

«Мұрагер» этно волонтерлік номинациясының жеңімпазы – Сон Александр Витальевич;

«Жан жылуы» әлеуметтік волонтерлік номинациясының жеңімпазы – Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы;

«Табиғат сүйер» эко волонтерлік номинациясының жеңімпазы – Тандеев Сергей Георгиевич;

«Хайуанаттар қорғаушысы» ЗОО волонтерлік номинациясының жеңімпазы – Гузенко Вероника Юрьевна;

«Сөзсіз ерлік» төтенше жағдай кезінде көмек көрсеткен ерікті номинациясының жеңімпазы – Амиргалиева Оксана Оралбайқызы;

«Білгенімен бөліскен» онлайн волонтерлік номинациясының жеңімпазы – Бекмустафаев Алишер Ермекұлы;

«Шипагер» медицинадағы еріктілік номинациясының жеңімпазы Баткалбеков Алмабек Отарбайұлы;

«Халық жанашыры» номинациясының жеңімпазы болып Халысұлы Хумар танылды.

Еске сала кетер болсақ, аталмыш шараны Алматы облысының ішкі саясат басқармасы облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып ұйымдастырды.


Соңғы жаңалықтар