Алматы облысында Астананың мәдени күндері басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында Астананың мәдени күндері өтіп жатыр. Елорданының 20 жылдығына орай бастау алған шара қыркүйектің 19-на дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астананың мәдени күндері аясында түрлі шаралар өтеді. Мәселен, «Ақ тілекпен, Астана» көрмесі, «Қорқыт» тобы, «Шалқыма» ансамблінің гала-концерті халық назарына ұсынылады. «Астанадан ақ тілек» концерттік бағдарламасы бүгін сағат 19:00-де Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында шымылдығын түреді. 70 өнерпаздың өнерін жетісулықтар тамашалайды»,- деді облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

Сондай-ақ 18-ші қыркүйекте «Жыр атасы Қабан жырау» атты концерт дәл осы мәдениет сарайында жалғасады. Ал мәдениет күндердің бағдарламасына сәйкес, Бикен Римова атындағы облыстық драма театрда екі күн бойы бірнеше- қойылым қойылады.18 қыркүйектен бастап көрермендерге ұсынылатын репертуарлардың ішінде «Томирис-царица сакская» атты эпикалық шығарма, А.Анатольеваның «Снежная королева» ертегісі де бар.

Соңғы жаңалықтар