Алматы облысында әскери оқу-жаттығу кезінде офицер қаза болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігі Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде офицердің қаза болғаны туралы мәліметке түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жыл 14 қыркүйекте Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, әскери шені «капитан», 1990 жылы дүниеге келген офицер қаза тапты», - деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство марқұмның туыстарының өтініші бойынша ол туралы өзге ақпарат жария етілмейтінін ескерткен.

«Бұрын ол 50-ге жуық мәрте парашютпен секірген. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы Күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады», - деп жазылған ресми мәліметте.

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды.



Соңғы жаңалықтар