Алматы облысында Аshyq жобасы арқылы көптеген нысанның жұмысына рұқсат берілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Аshyq жобасы арқылы көптеген нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ashyq жобасы арқылы келесі кәсіпкерлік объектілердің жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар:

- йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес клубтары;

- спа орталықтары;

- сауналар, бассейндер;

- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютер клубтары (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);

- боулинг клубтары;

- кинотеатрлар;

- театрлар мен филармониялар;

- банкет залдарын, асхана типті объектілерді, фаст-фудтарды, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері;

- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

- бильярд клубтары;

- концерт залдары;

- ерікті қатысушылар;

- караоке (2021 жылғы 5 мамырдан бастап);

- «жасыл» аймақтағы банкет залдары (2021 жылғы 5 мамырдан бастап) (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр);

- көрмелер;

- океанариум;

- марафондар;

- көрермендермен спорттық іс-шаралар.

Қаулы бүгін шықты. Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Чарапиевтің 2021 жылғы 1 мамырдағы №12 қаулысы 4 мамыр күні күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Алматы облысының кәсіпкерлері Аshyq қосымшасымен жұмыс істей бастағанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар