Алматы облысында анасы мен екі баласы үйімен бірге өртеніп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында үй өртеніп, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16 қараша күні сағат 00.48 кезінде өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Бәйтерек ауылының «Труженник» саяжайлық қоғамдастығында екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенше үй толығымен өртеніп кеткен», - деп хабарлайды Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Сағат түнгі 02.36 кезінде өрт сөндірілген. Тілсіз жау 240 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Үйінділерді тексеру барысында өрт орнынан денесі жартылай күйіп кеткен үш адамның - 1985 жылы туған әйел мен оның 2008 және 2014 жылғы екі баласының мәйіті табылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам мен 3 арнайы техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар