Алматы облысында анасы 10 жасар ұлын пышақтап тастады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 37 жастағы әйел 10 жасар ұлын пышақтап тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«3 қараша күні сағат 15:00 шамасында Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі балалар ауруханасына бірнеше пышақ жарақатымен 10 жастағы бала жеткізілді. Тексеру барысында сол күні баланың 37 жастағы анасы ас үй бөлмесінде оған көптеген пышақ жарақатын салғаны анықталды.

Күдікті ұсталып, полиция бөлімінде. Оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалды, бұлтартпау шарасын таңдау және оны психологиялық диспансерге орналастыру туралы мәселе қарастырылуда», - делінген Алматы облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, заттай дәлелдемелер мен қылмыс құралы – пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркеледі.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабымен («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталатын болады.


Соңғы жаңалықтар