Алматы облысында «Алтынемел» ұлттық паркінің инспекторы сотталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Алтынемел» ұлттық паркінің инспекторы болған Ерлан Жетенов 6 жылға сотталды. Ол мас күйінде көлікті тізгіндеп, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп,  екі адамды қағып өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы және Талдықорған қалаларында екі рет жүргізілген сараптама қорытындылары Е. Жетеновтың ішімдік ішкен күйінде көлікті басқарып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткенін дәлелдеп берген. 1961 жылғы Кербұлақ ауданы Басши ауылының тұрғыны сот үкіміне сәйкес, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған сотталушы  жәбірленушілерге 2 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді. Бірақ  сотталушы өзін кінәлі деп санамайды.
null

«Өзімді кінәлі деп есептемеймін. Бірақ өкінемін. Әдейі істеген жоқпын», - деді сот залында Ерлан Жетенов.

null

null

Айта кету керек, жол-көлік апаты 2017 жылғы қазан айының 23 күні Басши-Нұрым ауылдарының арасындағы тас жолда болған. Жол көлік апатынан қайтыс болған екі азамат қайын атасы мен күйеу баласы болып шықты. Екеуі сол күні малдың жайын білмек болып мотоциклмен қыстаққа шыққан екен. Алайда қайтып келе жатқан жолда ішімдікке тойып алған ауылдастары Ерлан Жетеновтың Мазда көлігінен ажал құшқан. 66 жастағы Айтқожа Терлікбаев  оқиға орнында, ал 44 жастағы күйеу баласы  Ерлан Сабденбаев 18 күннен кейін ауруханада жан тәсілім еткен. Кербұлақ ауданында басталып, сегіз айға жалғасып, Көксу ауданында нүкте қойылған сот үкіміне жәбірленуші тарап қанағаттанбай отыр. Олар сотталушыға жеңіл жаза тағайындалды деп санайды, сол себепті аппеляциялық шағым түсірмек.

nullnull

Соңғы жаңалықтар