Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қалай ұстап тұр

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген бағалар белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында өнімдер дүкендер мен ірі супермаркеттерде белгіленген бағамен сатылып жатқанын хабарлады.

Өткен аптада және ай басынан бастап 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 100,1%-ды, жыл басынан бері 109,6%-ды құрады.

Алматы облысында 7 шілдедегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа бағасы:

– Бірінші сұрыпты бидай ұны – 179 теңге (көтерме саудада 25 кг, 50 кг қаптарда сатылады)

– Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан – 155 теңге

– Түтік кеспе – 1 кг 219 теңге

– Күріш – 1 кг 249 теңге

– Қарақұмық жармасы – 1 кг 378 теңге

– Сұйық май – 1 литрі 694 теңге

– Тұздалмаған сары май – 1 кг 2 767 теңге

– Сиырдың жауырын-төс бөлігі – 1 кг 2 049 теңге

– Тауық еті (сан жілігі және жұмсақ еті бар жіліншік сүйек) – 1 кг 819 теңге

– 2,5% пастерленген сүт – 1 литр 209 теңге

– 2,5% айран – 1 литрі 216 теңге

– Сүзбе – 1 кг 1 092 теңге

– Картоп – 1 кг 201 теңге

– Сәбіз – 1 кг 286 теңге

– Пияз – 1 кг 89 теңге

– Ақбас қырыққабат – 1 кг 83 теңге

– Қант – 1 кг 260 теңге

– Жұмыртқа, I санат (10 дана) – 405 теңге

– Тұз – 1 кг 54 теңге


Соңғы жаңалықтар