Алматы облысында алдағы жылдары 115 мектеп салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында алдағы жылдары 115 мектеп салынады. Бұл туралы аталған өңірдің әкімі Амандық Баталов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында үш ауысымдағы оқыту проблемасын шешу үшін 2021-2025 жылдары 115 мектеп салуымыз керек. Биыл жоспарланған 17 мектептің 5400 орынға арналған 12-сі пайдалануға берілді. Оның ішінде алтысы жеке мектеп. Жыл соңына дейін қалған бесеуі тапсырылады», - деді А. Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, 137 мектепке қатысты жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр, бұл жұмыстарға 11,3 млрд теңге қарастырылған.

«Жыл басынан бері 9590 орынға арналған 135 балабақша ашылды», - деді», - деді әкім.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Амандық Баталов ауыл шаруашылығы саласын дамыту жайында баяндады.

Өңірде құрылыс саласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар