Алматы облысында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД қызметкерлері тұрғындарға алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Облыстың полицейлері алаяқтық фактілерінің алдын алуға және ашуға бағытталған әрекеттерін жандандыра түсті. Соңғы бірнше тәулікте алаяқтық жасағаны үшін күдікті тұлғалар ұсталған бес факті ашылды. Көбінде алаяқтар егде жастағы адамдарды таңдайды. Себебі қариялар өте сенгіш және өзінің алданып жатқаны ойына да кіріп шықпайды. Ал алаяқтықтың жаңа түріне келер болсақ, қылмыскер өзін түрлі мемлекеттік мекеме қызметкерімін деп таныстырып, құны «1000» теңгелік ескі үлгідегі ақшаны айырбастауды ұсынады. Әрі қарай отандық валюта ақша белгілерінің суреті бар жалған ақшаға айырбастап, алдап соғуда. Полиция қызметкерлері Алматы облысының тұрғындарына, абай болуды, үйге келіп, ақшаны айырбастауды не болмаса басқа күдікті ақша келісімдерін ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуін сұрайды. Негізделген күдік болса, полицияға қоңырау шалып хабарласуы қажет деп кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар