Алматы облысында алаяқтық әрекеттермен айналысқан әйел ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында алаяқтық әрекеттермен айналысқан үй шаруасындағы әйел Теміртау қаласынан ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы үш ай ішінде Талдықорған қаласының полициясына бес жергілікті тұрғын белгісіз әйел тарапынан жасалған алаяқтық туралы арызданған. Олардың айтуы бойынша, әйел пәтерлерді төмен бағамен жалға беру туралы хабарландыру арқылы алдын ала төлем алып, байланысқа шықпаған.

«Жедел уәкілдер жиналған ақпаратты талдап, Қарағанды облысының Теміртау қаласынан хабарландыру беріп, азаматтардан ақша аударымын алған 28 жастағы күдіктіні ұстады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңға қарсы іс-әрекеттер жасаған әйелдің үшінші күйеуімен бірге тұратындығы, ең кішісі нәрестесіне небәрі екі ай болғандығы , қалған екі баласының 5 және 7 жаста екендігі анықталды. Күдікті интернетте жоғалған жеке куәліктер мен жүргізуші куәліктері туралы хабарландыруларды тауып, көшірмелерін жасап, азаматтардың сеніміне кіру үшін оларды өзінікі ретінде жіберген. Ол басқа қаладан келе жатқандығын сылтау етіп, алдын ала төлемді ұялы телефон арқылы жіберулерін сұраған», - деп хабарлайды Талдықорған ҚПБ-ның Батыс қалалық полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Айдын Аденбаев.

ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы «Бірнеше рет жасалған алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. « Азаматтарды пәтер иесінің жеке басын және оның меншік құқығын растайтын құжаттардың бар-жоғына көз жеткізбей, қандайда бір ақша аударымын жасамауға шақырамын»,-деп толықтырды Айдын Аденбаев.


Соңғы жаңалықтар