Алматы облысында алаяқ мембағдарламамен үй «алып бермек» болған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Есік қаласының тұрғыны мемлекеттік бағдарламамен үй алып беруге уәде еткен алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы 23 сәуірде Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Есік қаласының 33 жастағы тұрғыны арызданған. Ол мемлекеттік бағдарламамен Есік қаласынан 3 бөлмелі пәтер алуға көмектесуге уәде етіп, алаяқтық жолмен 1,6 млн теңге ақшасын иемденіп кеткен азаматқа заңды шара қолдануды сұраған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.

«Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында күдікті 39 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ол жауап алу барысында ерлі-зайыптылардың сеніміне кіріп, арнайы мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп 1 600 000 теңге көлемінде қаражат алғанын жеткізді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «келу туралы міндеттеме» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты таратылмайды», - деді Еңбекшіқазақ АПБ бастығының бірінші орынбасары Жақсылық Алтынбаев.


Соңғы жаңалықтар