Алматы облысында әкесін жауыздықпен өлтірген 19 жасар ұлы қолға түсті

None
None
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы облысының полиция қызметкерлері жауыздықпен кісі өлтіру фактісін әшкереледі. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Қаңтар айының аяғында Қарасай ауданына қарасты Айтей ауылының маңындағы алаңқайдан жартылай жанып кеткен белгісіз ер кісінің мәйіті табылған болатын.Жедел іс-шаралар жүргізу барысында жәбірленуші өз үйінде халықтық медицинамен айналысатын Қытай Халық Республикасында дүниеге келген 69 жасар жергілікті тұрғын екендігі анықталды.

«Аталған қылмысты жасады деген күдікпен қайтыс болған кісінің 19 жасар ұлы қолға түсті. Тергеу барысында ұсталған азамат әкесін соққыға жығып, одан соң шолақ мылтықпен атып өлтіргенін айтты. Қылмысының ізін жасырмақ болған қаныпезер әкесінің мәйітін ауыл сыртындағы алаңқайға алып шығып өртеп жіберген көрінеді»,-деді ресми өкіл.

Күдіктіні тінту барысында қылмыс қаруы - шолақ мылтық табылып, тәркіленді. Қазір ол абақтыға қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар