Алматы облысында әкесі өртеп жіберген қыз қайтыс болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат  - Алматы облысында әкесі өртеп жіберген қыз көз жұмды. Денесінің 90 пайызға жуығын күйік шалған Аружан осыдан үш күн бұрын Іле аудандық ауруханасына түскен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Аталған жайтты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Динара Лұқпанова растады.

«18 жастағы қыз бала бүгін таңертеңгі сағат жетілер шамасында қайтыс болды», деп мәлім етті ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға Алматы облысында 20 желтоқсан күні болды. Таңғы сағат төрт шамасында Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында 45 жастағы азамат өзін және екі бірдей баласын өртеп жіберген. Алдын ала болжам бойынша, әйелімен ажырасып кеткен күйеуі бұрынғы отбасына келіп, үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген. Сол сәтте бөлме өртке оранып екі баласы да қызыл жалынның ортасында қалған. Ер азамат 12 жастағы  ұлымен  оқиға орнында тілге келместен көз жұмған. Ал 1999 жылғы қыз бала ауыр халде аурухана жеткізілген. 1973 жылғы азаматты мұндай қадамға не итермелегені белгісіз. Оның 1971 жылғы бұрынғы әйелі дін аман. Қазір ҚР ҚК 99 бабы 2-ші тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар