Алматы облысында әкесі өртеген екі баланың бірі тірі - ІІД

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында әкесі өртеп жіберген екі баланың бірі тірі. Қазір 18 жастағы қыз  ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің таратқан ресми ақпаратына сәйкес, қазір 18 жастағы қыз бала ауруханада. Жағдайы  ауыр. 

 Айта кету керек, бұған дейін БАҚ-та ер адам екі баласымен өртеніп кетті деп хабарланған.

Естеріңізге сала кетейік, аталған қайғылы оқиға 20 желтоқсан күні таңғы сағат төрт шамасында Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында болған. Алдын ала болжам бойынша, әйелімен ажырасып кеткен күйеуі бұрынғы отбасына келіп, үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген. Сол сәтте бөлме өртке оранып екі баласы да қызыл жалынның ортасында қалған. 2005 жылғы ұл бала оқиға орнында тілге келместен көз жұмған. Ал 1999 жылғы қыз бала аурухана жеткізіліп, емін қабылдап жатыр. 1973 жылғы азаматтың мұндай қадамға не итермелегені белгісіз. Оның 1971 жылғы бұрынғы әйелі дін аман. Қазір ҚР ҚК 99 бабы 2-ші тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар