Алматы облысында ағайынды барымташылар қолға түсті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында полицейлер ағайынды барымташыларды қолға түсірді. Екі азамат шаруаның 19 бас жылқысын айдап әкетті деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 15 қараша күні Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген. «Бір үйір жылқымды белгісіз біреулер Қырбалтабай ауылы маңында айдап кетті» деп шаруа шағым түсірген. Малын ұрлатып алған азамат полицейлермен бірге жылқысын іздеуге кіріседі. 14 жылқыны Талғар ауданының аумағынан тауып алып, күдікті ретінде осы ауданның екі тұрғыны ұсталады. 1976 және 1979 жылы туған азаматтар - ағалы-інілі бауырлар. Алматы облыстық полиция департаменті хабарлағандай, екі күдікті де Еңбекшіқазақ ауданының полициясына жеткізіліп, қамауға алынды.
Тергеу барысында бес жылқының сойылып, етке сатылып кеткені анықталды. Шаруа өз шығынын 7 млн теңгеге бағалап отыр. Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Алматы облысында соңғы үш күн бойы мал ұрлығына қарсы «Барымташы» арнайы операциясы жүргізіліп, тәртіп сақшылары 52 барымташыны қолға түсірді. Бұрын ұрланған 113 мал иелеріне қайтарылды.
- Қызылордада 14 мал ұрлығы қылмысының беті ашылды
- Ақтөбеде қыз алып қашқандар ұсталды
- Қызылордада бес жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сотталды
- Ақтөбеде бір отар қой ұрлап, сойып алған топ ұсталды
-
Теміржолшылар Алматы-Петропавл пойызын дер кезінде тоқтатып, апаттың алдын алды
-
Талдықорғандық іздеу жарияланған жасөспірімді табуға көмектесті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам