Алматы облысында АЭС салына ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанда Атом электр стансасын салу жоспарда жоқ екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Бозымбаевтың ел алдындағы есебі барысында Талдықорған қаласының тұрғыны Алматы облысының Үлкен кентінде АЭС салынатындығына қатысты ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.

«Дәл қазір Қазақстанда электрге тапшылық жоқ. 2025-27 жылға дейін профицит болады деген болжам бар. Одан кейінгі кезеңде орталық және оңтүстік өңірлерде қажеттілік туындауы мүмкін. Үлкен кенті де сол аумаққа кіреді. Бірақ бұл аталмыш елді мекенде АЭС салынады деген сөз емес», - деді энергетика министрі.
null

Ведомство басшысы қазіргі таңда атом электр стансасын пайдалану технологиясы жан-жақты зерттеліп жатқанын атап өтті.

«Бұл мәселе толық зерттелмейінше, нақты шешім қабылданбайды. Сондықтан, қорқудың қажеті жоқ Бұл әзірге қауесет қана. Егер осыған ұқсас ақпараттарды шетелдік ұйымдар мен компаниялар таратса, солардың ниеті ғана деп қабылдау керек. Немесе бұл саяси ойын ғана. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл туралы нақты ұстанымын айтып, халықтың қалауын ескере отырып шешім қабылданатынын ескертті. Халық қарсы болса, ешкім, ештеңе салмайды. Алаңдамай-ақ қойыңыздар», - деді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар