Алматы облысында 995 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 995 мыңға жуық адам вакцина салдырды. Бұл өңір тұрғындарының 83% құрайды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысында 993 228 (83%) адам вакцинаның бірінші компонентін алды екіншісімен 892 923 (74,4%) тұрғын егілді. Pfizer вакцинасының бірінші компонентін 82 075 жасөспірім, 3864 жүкті және 13 955 лактация кезіндегі әйел адам алды»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, аталған вакцинаның екінші компонентін 53 013 жасөспірім, 2649 жүкті және 9162 лактация кезіндегі әйел адамдар алған. Ал 206 513 адам ревакцинация курсынан өткен.


Соңғы жаңалықтар