Алматы облысында 9 мыңға жуық әйел баланың құжаттарына электронды түрде тапсырыс берген

None
None
 ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Соңғы 10 ай ішінде Алматы облысы бойынша 9 мыңға жуық әйел  проактивті тәсілмен баланың құжаттарына тапсырыс берген. Оның ішінде 5761 жаңа туған сәбиге туу туралы куәлік берілсе, 2500 сәби перзентханадан шықпай-ақ балабақшаға кезекке тұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлден Жылкелдінованың айтуынша, проактивті тәсілмен баланың туу туралы куәлігін рәсімдеген аналардың саны артып келеді.

«Яғни sms хабарлама арқылы перзентханадан шықпай жатып туу туралы куәлікті ала алады, баланы балабақшаға кезекке қойып, бір жолғы және ай сайын берілетін төлемақыларын рәсімдей алады», - деді Гүлден Еркімбекқызы.

Проактив арқылы жаңа туған балаға құжаттарды рәсімдеудің басты шарты, әйел адам босанбай тұрып мобильді азаматтар базасына тіркелуі керек. Оған тек жеке куәлік пен мобильді телефон нөмірі ғана қажет.

null
«Кейін босанғаннан кейін ақпараттық деректердің базасы бір болғандықтан 1414 нөмірінен sms хабарлама арқылы сәбилі болған ананы құттықтайды. Ары қарай құжаттарды рәсімдеу керек пе, соны  сұрайды және тілді таңдау қызмет алушының еркінде», - деді Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша баспасөз қызметінің жетекшісі.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы көптеген қызметтерді электрондық форматта алуға мүмкіндік жасауда. Үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді egov порталынан алуға болады. Қызмет түрлері тіптен жеңілдей түсуде. Мәселен  проактивті тәсілмен балаға құжаттарды рәсімдеу енді телефондағы «Телеграмм бот» қосымшасы арқылы да жүзеге асуда.

Соңғы жаңалықтар