Алматы облысында 9 айлық сәби әшекей бұйымды жұтып қойды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Іле ауданының дәрігерлері 9 айлық бүлдіршіннің асқазанынан әшекей бұйым алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баланың өзі белгісіз затты жұтып қойғанын түсіндірген. Бұйым оның асқазанында 11 күн бойы жүрді. Ең бастысы ота сәтті жүзеге асты. Баланың жағдайы жақсы», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Ведомство өкілінің мәліметінше, дәл осы Іле аудандық ауруханасының дәрігерлері екі ай бұрын 8 жастағы баланың ішінен 1,5 келі шаш алған.

Соңғы жаңалықтар