Алматы облысында 88 мың адам ревакцинация курсынан өтті
2022 жылғы 19 қаңтар 11:20

Алматы облысында 88 мың адам ревакцинация курсынан өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 88 мың адам ревакцинация курсынан өтті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні өңір бойынша 318 вакцинация пункті және 76 жылжымалы пункт жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыс тұрғындары ревакцинация курсына белсенді қатысуда. Мысалы, 88 722 адам толық иммундау курсынан өткен, олардың арасында Алматы облысы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері де бар. Барлық ұжымның 75% - ы өздерінің иммунитетін толық нығайтты.

«Бүгінгі күні облыста вакцинаның бірінші дозасын алғандар саны 912 274 адамға жетті. Бұл 76% – ды құрайды, екінші компонентті-851 309 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 71% -ы алды.

Қазіргі уақытта облыс тұрғындары төрт вирусқа қарсы препараттан вакцинацияны таңдай алады, олар: Гам-КОВИД-ВАК (Спутник V), «QazCovid-in«, «SinopharmVeroCell« және Comirnaty (Pfizer) жасөспірімдерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарға арналған»,-делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, Алматы облысында жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары белсенді жүргізілуде. Облысқа барлығы 380 250 доза Pfizer вакцинасы келіп түсті. Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 57 287 адамды құрайды. Оның ішінде 44 657 жасөспірім, 3316 жүкті әйел және лактация кезеңінде 8793 әйел.

Естеріңізге сала кетейік, жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімімен жүзеге асырылады.


Jańalyqtar

MURAǴAT