Алматы облысында 81 жастағы қартты тонаған күдікті ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Алматы облысында 81 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті  ұсталды. Қазір ешқайда жұмыс істемейтін 36 жастағы ер адамның үстінен ҚР ҚК 191 бабы (Тонау) бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтарда Текелі қаласының тәртіп сақшыларына зейнеткер арызданған. Оның сөзінше, белгісіз адам үйіне жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп келіп,  60 мың теңге ақшасын тартып алған. Тәртіп сақшылары күдіктіні екі сағаттың ішінде қолға түсірді. Ұсталған адамның бұған дейін бірнеше мәрте тонау және қарақшылық  деректері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. 

«Күдікті ұсталды. Қазір ұрланған ақшаның 14 мың теңгесі жәбірленушіге қайтарылды. Ал қалған қаражатты күдікті ішімдікке жаратып қойғанын айтты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191 бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу жалғасуда», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ал күдіктіге ешқайда кетпеу жайында ескертіліп, полиция бөлімшесіне  шақырған уақытта келуге міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар