+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Алматы облысында 80 жылқы ұрлаған барымташылар ұсталды

2020 жылғы 9 сәуір 12:27
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 80 жылқы ұрлаған барымташылар ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 80 жылқы ұрлаған барымташы қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада 56 ойын-сауық орнына санитарлық нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салынды

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бір апта бұрын Жамбыл ауданының полициясына 38 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, өзіне тиесілі шаруа қожалығынан 80 жылқының қолды болғанын және 40 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келгенін айтқан.

Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары барысында күдікке ілінген екі адам ұсталды. Оның бірі – 29 жастағы Өзбекстан азаматы. Ол зардап шегушінің шаруа қожалығында малшы болып жұмыс істеген. Екінші күдікті Жамбыл ауданы Көкдала ауылының 39 жастағы тұрғыны, көршісінің адал малына арамдық жасап, қол салған жақын маңдағы өзге шаруа қожалығының иесі болып шыққан.

Күдіктілер бұлтартпас айғақтардың арқасында осы қылмысқа қатысы барын мойындады. Тәртіп сақшылары қолды болған малды іздестіру барысында 36 жылқыны тауып, иесіне қайтарды. Қалған жылқының сойылып кеткені анықталды. Тергеу барысында күдіктілер шаруа қожалығынан жылқыларды ұзақ уақыт бойы ұрлап келгені және мал иесінің полицияға арызданбағанын оңтайлы пайдаланғаны белгілі болды.

Барымташылар әуел баста 2-3, кейде 5 жылқыны ұрлаған. Олар жалпы саны 80 жылқы сатса, оның 35-і құлынды бие болған. Оңай жолмен табылған қаржыны өз қажеттеріне жаратып отырған.

Екі күдікті Жамбыл ауданы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша қолданыстағы қылмыстық заңнаманың 188-1-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT