Алматы облысында 80 мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 80 мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылды. Олар экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ету бағдарламасын дұрыс жүзеге асырмаған. Қаржыны мақсатсыз жұмсаған. Ал үкіметтен бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін бір ғана Алматы облысына 6 млрд теңгеге жуық ақша бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, террористік тұрғыдан осал объекті болып саналатын Қарасай ауданындағы мектептерге алынған бейнебақылау камералары техникалық талаптарға сай емес болып шықты.  Осы жайт бойынша іс қылмыстық тексеру органдарына жіберілді. 

«80 мемлекеттік қызметкер әр түрлі жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 11 адам  әкімшілік, 45 адам тәртіптік және  24 адам материалдық жауапкершілікке тартылды. Әкімшік жауапкершілікке тартылған 11 адамның әрқайсысына 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  айыппұл салынды»,- деді Алматы облысы прокуратурасы 1-ші басқармасының  экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл саладағы заңдылықтарды қадағалау бөлімінің бастығы Алмаз Әбдірасылов.

2013-2017 жылдары аралығындағы бағдарлама бойынша бөлінген қаржыны мақсатсыз жұмсап, басы бәлеге қалғандар ішінде дін істері, білім, спорт, жастар саясаты сынды бірнеше басқарманың қызметкерлері бар.

Соңғы жаңалықтар