Алматы облысында 8 наурыз күні 111 сәби дүниеге келді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні 111 сәби дүниеге келді. Оның 53 ұл, 58 қыз бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысында 8 наурыз күні 101 сәби дүниеге келді. Талдықорған қаласында 12 сәби. Оның 10-ы ұл, 2-уі қыз бала», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жалпы 2020 жылы Жетісу жерінде 54 130 сәби дүниеге келген.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында Тәуелсіздік күні 140 бала дүниеге келген болатын. Сәбилерге Тәуелсіздіктің 30 жылдығы логотипі бар көрпе берілді.


Соңғы жаңалықтар