+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облысында 77 жастағы әже соққыға жығылып, ауруханада көз жұмды

2020 жылғы 2 шілде 23:55
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 77 жастағы әже соққыға жығылып, ауруханада көз жұмды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 77 жастағы әже соққыға жығылып, ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда ер адам мас күйінде 6 жасар қызды алып кетпек болған Жоғалып кеткен ағайынды екі баланы 30 полицей қызметкері іздеген Тасқала ауданы аумағында 22 ақбөкеннің өлексесі табылды - БҚО

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соққыға жығылған қария түрлі дене жарақаттарымен шұғыл түрде Жаркент қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.

Тергеу барысында анықталғандай, түнде егде жастағы әйелдің үйіне белгісіз біреудің басып кіріп, оны соққыға жыққаны анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде Жаркент қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

«Өкінішке орай, соққыға жығылған әже алынған дене жарақаттары салдарынан бүгін көз жұмды. Аталған дерек ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT