Алматы облысында 7 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында 7 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды. 56 жастағы азаматқа 2013 жылы Есік қаласында бір адамды пышақтады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің берген мәліметінше, 2013 жылдың шілде айында Есік қаласының ауруханасына 1965 жылы туған жергілікті тұрғын пышақ жарақатымен түскен. Тәртіп сақшылары оның құрылыс нысандарының біріндегі төбелес кезінде жараланғанын анықтаған. Оқиға орнынан қашып кеткен күдіктіні нақтылау барысында оның Өзбекстан елінің азаматы екені белгілі болды. 1964 жылғы азамат алдымен республикалық одан кейін халықаралық іздеуге берілген. Күдіктінің белгілері барлық полиция бөлімдері мен көрші мемлекеттерге де жіберілді. Іс облыстық полиция департаментінің қадағалауында болып, Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері осы уақыт бойы іздестіру шараларын тоқтатпаған.

2 ақпан күні іздеуде жүрген азаматтың Еңбекшіқазақ ауданындағы саяжайларының бірінде жасырынып жүргені анықталып, қолға түсірлген дейді, ведомства өкілдері. Қазіргі таңда ҚР ҚК 106- бабы, 1-бөлігі адам денсаулығына қасақана зиян келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдікті қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар