Алматы облысында 7 жастағы оқушының денесі арықтан табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысына қарасты Сырымбет ауылында 7 жастағы оқушының өлі денесі арықтан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баланың әкесінің туған қарындасы Сәуле Бабаеваның айтуынша, інісінің өлі денесін кеше кешкісін сағат алтылар шамасында арықтан тауып алған. «Мектеп пен үйдің арасы өте жақын. Сабаққа кеткен баланың өлі денесін  арықтан кешкі сағат алтылар шамасында тауып алдық. Арық суға лық толы. Баланың денесі сырылған», - дейді С. Бабаева. 
Туыстары екінші сыныпта оқитын Санжар Елдәулетов жұмбақ жағдайда қайтыс болды дейді. Бала арыққа түсіп кетіп, көз жұмуы мүмкін деген болжамдарын да айтып отыр. 

Агенттік тілшісі хабарласқан құзырлы орган оқиғаны растады, бірақ пікір білдіруден бас тартты.

Соңғы жаңалықтар