Алматы облысында 7 жасар қызды ұрлаған күдікті тергеліп жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар ауданында 7 жасар қызды ұрлаған күдіктінің үстінен зорлау фактісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоғалып кеткен қызды табу үшін жедел тергеу тобы құрылды. Іздестіру шаралары барысында арада екі сағаттан кейін сол ауылдың шаруашылық үйжайлардың бірінің жертөлесінде жоғалған қыз табылған. Сол жерде 1990 жылғы күдікті ер адам ұсталды. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», - деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ақбота Қуанышбекқызы.

Айта кетейік, 7 наурыз күні жоғалып кеткен кішкентай қыз жертөледен табылған.


Соңғы жаңалықтар