Алматы облысында 7 тонна спирт сақталған астыртын цех әшкереленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында 7 тонна спирт сақталған астыртын цех әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Алматы облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде өңірде рұқсат құжатынсыз этил спиртінің көп мөлшерде сатылуының алдын кесті.

«Тексеру кезінде спирт сату цехы ашылды. Спирт иісі бар түссіз сұйықтық сақталған 1000 литрлік 6 ыдыс, 5 литрлік 141 құты тәркіленді. 5 қапшық қақпақ пен бөліп құю құралдары табылды», - деді Комитеттің баспасөз қызметінен.

Бұл дерек бойынша тексеру басталды.


Соңғы жаңалықтар