ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 14 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соның ішінде Талдықорған қаласында - 3 жағдай, Алакөл ауданында – 2, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Сарқан және Талғар аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.
Сондай-ақ өткен тәулікте 19 адам емделіп шықты. Өңір «жасыл» аймақта.
«7 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірде 672 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Бір тәулікте ауруханаларға 48 адам түсті. Өңір ауруханаларындағы төсек-орын саны – 1790. Төсек-орын жүктемесі – 37,5 %. Соңғы 3 күнде 4323 адамның коронавирус сынамасы зертханада тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін алғандар саны – 872 009, ал ІІ компонентін 796 648 тұрғын салдырды.