Алматы облысында 63 жастағы әйелді көлік қағып, көз жұмды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысында 63 жастағы әйелді көлік қағып, көз жұмды. Оқиға Талғар қаласында болған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамырдың 26-нан 27-не қараған түні болған көлік апатында жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырған. Ал көлікті 25 жастағы ер адам тізгіндеген.

«Аталған факті бойынша тергеу ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігіне сәйкес жүріп жатыр. Іс облыстық полиция департаментінің өндірісінде»,-деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар