Алматы облысында 600 тұрмысы төмен және көпбалалы отбасы баспаналы болады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Онда өңірдің 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы биылғы жылдың өзінде аз қамтылған және көпбалалы 600-ден астам отбасыны баспанамен қамту жоспары барын айтты.

Өзгерістерге сәйкес, басымдық төтенше жағдайлардың алдын алу, білім, денсаулық, әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және коммуникация сияқты салаларға беріледі. Әсіресе, әлеуметтік салаға бағытталған шараларды ерекше атап өтуге болады.

Атап айтқанда, қомақты қаржы аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, жалғызілікті зейнеткерлер үшін қажетті көмектерды көрсетуге бағытталмақ.

Соңғы жаңалықтар