Алматы облысында 600 орындық мектеп пайдалануға берілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қарасай ауданында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Көлащы ауылында ашылған білім шаңырағы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3 қабатты ғимарат заманауи үлгіде салынған. Мектепте 200 орындық мәжіліс залы, асхана, 2 спортзал, 2 мультимедиялық кабинет пен зертханалар бар. Сондай-ақ 7 интерактивті тақтамен жабдықталған. Бұл Қарасай ауданында 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ашылған 8-ші мектеп.

Жалпы Жаңашамалған ауылдық аймағында бүгінде 9 мыңнан аса оқушы оқиды. 5 мектеп бар. Соның 2-уі Көлащы ауылында. 2013 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында жаңа мектеп салынса, тәуелсіздіктің 26 жылында екінші ғимараттың қабырғасы көтерілді.



Айта кету керек, Қарасай ауданында былтыр 47 мектепте 45 мыңнан аса оқушы оқыған. Ал биыл білім алатын бала саны 52 252-ге өсті.

Соңғы жаңалықтар