Алматы облысында 60 адам көлікті мас күйінде жүргізген

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Қауіпсіз жол» арнайы шарасының бес күнінде 570 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Акция өңірде жол көлік оқиғаларының санын төмендетіп, алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы бес күнде облыс аумағында жолда жүру ережесіне қатысты 4254 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Жолды белгіленген жерде өтпей, қауіпті жағдай туғызған 570 азаматқа айыппұл салынды. Ал жыл басынан көліктер зулаған көшені кесіп өтпек болған 5 адамды автомобиль қағып, олардың үшеуі оқиға орнында көз жұмды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, көп жағдайда жаяу жүргіншілер жолды мас күйінде кесіп өтпек болады.

ҚР ӘҚБК 440 бабына сәйкес қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 378 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ жедел шара барысында жылдамдықты асырған 401 көлік жүргізуші жауапқа тартылды. 5 күнде көлікті алкогольдік ішімдік ішіп алып, не болмаса есірткі пайдаланып жүргізген 60 жүргізуші анықталды.

Соңғы жаңалықтар