Алматы облысында 6 жасар баланы көлік қақты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 жасар бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Түрген ауылында болды. 25 жастағы азамат басқарып келе жатқан «Volkswagen Golf» маркалы көлігі Құлмамбетов көшесінен шығысқа қарай кетіп бара жатып, 6 жасар баланы қағып кетті. Бала арнайы белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан болатын»,-деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.

Түрлі дене жарақаттарын алған бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Оның денсаулық жағдайы қазір қалыпты және ол дене жарақаттары бөлімінде жатыр.

«Тексеру жұмыстары жүргізушінің спиртті ішімдік қабылдамағаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне 345 баптың 2 бөлігі бойынша (Адам денсаулығына орташа деңгейде зақым келтірген жол ережесін бұзу) енгізілді. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды»,-деді тәртіп сақшылары.

Соңғы жаңалықтар