Алматы облысында 6 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы іске қосылды
2016 жылғы 2 желтоқсан 17:18

Алматы облысында 6 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы іске қосылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 6 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кербұлақ ауданында орналасқан Шадиев шаруа қожалығы «қазақтың ақ бас сиырын», «алатау» мен «ангус» тұқымын өсіруді қолға алды.

null

Басты мақсат - Елбасының 100 нақты қадамында көрсетілген ет экспорты әлеуетін арттыру тапсырмасын орындау. Шаруашылық бірден жоспарланған қуатына шықты. 6 мың бас ірі қара байлауда тұр. Ал 400-ден астам «қара ангус» сиырын Австралиядан әкелді. Қыстың қамын жаз ойлаған қожалық мал азығын молынан дайындады.

Шаруашылықтың іс бақарусышы Жандос Атағожаевтың айтуынша, 35 мың орам шөп, 10 мың тонна жүгері, 5 мың тонна арпа, 2 мың тонна бидай бастырылған. Демек биылғы қыстан қиналмай шығуға қор жеткілікті. Кәсіпорын Алматы қаласындағы ет комбинаттарына жылына 1200 тонна өнім өткізуді жоспарлап отыр. Шаруашылық етті экспортқа шығаруға да дайын. Ал, ауданда орналасқан ет өңдеу комбинаты малды барлық талапқа сай етіп сойып жөнелтуге мүмкіндік береді.

null

Жалпы Алматы облысында ірілі-ұсақты 60 мал бордақылау алаңы бар. Жыл басынан бері 6 мың тоннадан астам сиыр еті өндірілді.

null

Jańalyqtar

MURAǴAT