Алматы облысында 6 ауылдың атауы қазақшаланады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Алматы облысындағы кейбір елді мекендердің атауын өзгерту туралы» әкімдік қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешімі көпшілік талқысына шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірлескен шешім-жобасында жазылғандай, Алматы облысының мына ауылдары мен ауыл округтеріне жаңа атау беріледі:

- Іле ауданы Энергетический ауыл округіне - Өтеген батыр;

- Іле ауданы Чапаев ауыл округі мен Чапаев ауылына - Байкент;

- Іле ауданы Междуреченск ауыл округі мен Междуреченск ауылына - Ақсай;

- Іле ауданы Энергетический ауыл округі Покровка ауылына - Кенен Әзірбаев;

- Іле ауданы КазЦИК ауыл округі Комсомол ауылына – Жайнақ;

- Талғар ауданы Панфилов ауыл округі Қызыл Ту-4 ауылына - Жібек жолы атауы беріледі.

«Осы Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымға жүктелсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.

Шешім 22 маусымға дейін көпшілік талқыда болады.


Соңғы жаңалықтар