Алматы облысында 58 мың жасөспірім коронавирус вакцинасын алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 58 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 қаңтардағы мәлімет бойынша, облыста вакцинаның бірінші компонентін – 929 552 адам, екінші компонентті – 861 974 азамат немесе иммундауға жататын ересек халықтың 72% алды.

Сонымен қатар, өңірде жасөспірімдер, жүкті әйелдер, бала емізетін әйелдер, 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлерін Pfizer вакцинасымен вакциналау жүргізілуде.

«Аталған вакцинамен егілген халық саны 72 527 адамды құрайды, оның ішінде – 58 694 жасөспірім, 3212 – жүкті әйел, лактация кезеңінде – 10 621 әйел, 60 жастан асқан – 2031 адам және 1415 – медицина қызметкері», - делінген Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

129 776 адам QazVac және SinopharmVerocell вакцинасымен 4581 адам Comirnaty Pfaizer вакцинасымен ревакцинация курсынан өтті.


Соңғы жаңалықтар