Алматы облысында 55 жастағы ер адам 10 күннен бері табылмай жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысында 1964 жылғы Борантаев Досымхан есімді ер адам үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. 10 күннен бері хабар-ошарсыз кеткен ер азаматқа Алматы облыстық Полиция Департаменті іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ведомствоның баспасөз қзыметінің мәліметінше, Д. Борантаев 18 қаңтар күні Ақсу ауданының Қызылағаш ауылындағы үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Үстіне қара былғарыдан тігілген күртеше, қара түсті шалбар киген. Аяқ киімі мен бас киімі де қара түсті. Егер суреттегі ер азаматты көрген-білгендер немесе қандай да бір ақпараттан хабардар болса, бірден 102 номеріне хабараласуға болады.

«Сондай-ақ Ақсу аудандық полициясының кезекші бөліміне 8 (72832) 2-15-95 немесе көрсетілген 8 771 417 11 10 ұялы телефон номеріне хабарласу қажет» делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар