Алматы облысында 52 жолаушы мінген автобус бұзылып қалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Полиция тас жолда сынып қалған рейстік автобустың жолаушыларына сумен және азық-түлікпен көмектесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода хабарлағандай, 52 адам мінген жолаушылар автобусы Алматыдан Шығыс Қазақстанға барар жолда сынып қалған. Бұл туралы естіген Алакөл ауданының тәртіп сақшылары жолаушыларға су мен азық-түлік әкеліп, көмектескен.

«Қазір далада аптап ыстық тұр, ал жолаушылардың арасында қапырықты көтере алмайтын балалар мен егде жастағы адамдар бар. Сондықтан біз бірден шөл қысқан адамдарға жылдам ауыз су жеткізуді ойладық. Оқиға орнында автобустың бұзылу себептерін анықтап, аудан орталығынан қажетті саймандарды тауып, автобусты жөндедік. Бірнеше адам көмек келгенін күтпей, жолдағы көліктерге мініп кетті. Адамдар су, тамақ ішіп алып, Семей жаққа сапарын жалғастырды», - деді Алакөл аудандық полиция бастығының орынбасары Қасен Ақбасов.

Белгілі болғандай, автобус Шығыс Қазақстан облысында орналасқан демалыс орындарының біріне жол тартқан. Жолда қалып қойған көліктің ішінде зардап шеккендер болмады.


Соңғы жаңалықтар