+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматы облысында 5 жыл бұрын адам өлтірген күдікті ұсталды

2017 жылғы 11 желтоқсан 14:54
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 5 жыл бұрын адам өлтірген күдікті ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 5 жыл бұрын адам өлтірген күдікті ұсталды. Қазір 28 жастағы Қапшағай қаласының тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2012 жылдың көктемінде Қаратал ауданында болған. Қанабек Байсейітов ауылының маңындағы қыстақтардың бірінде малшы болып жүрген 55 жастағы ер адамды өлтіріп кеткен.

«55 жастағы адамның жоғалғандығы жөнінде құзырлы органға арыз түспеген. Сондықтан осы жайтқа байланысты мән-жай толықтай тексерілді. Соңында күдікті болған жайтты мойындап, мәйіттің қай жерге жерленгенін айтып берді. Малшының мүрдесі жерден қазып алынып, сараптама тағайындалды», деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полицейлер малшының үш баласы бар екенін анықтады. Оның екеуі Ресейде тұрады, бірақ әкелерімен араласпайды. Ал үшінші баласы не себепті әкесінің жоғалғандығы жөнінде полицейлерге хабар бермегені анықталатын болады.

Белгілі болғандай, ұсталған күдікті 2016 жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылып, соттың үкімімен оған екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Қазір күдіктінің үстінен адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жалғасуда. 28 жастағы жігіт өзінің түсініктемесінде малшыны пышақтап өлтіргенін айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT