Алматы облысында 5 мектеп директоры парамен ұсталған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Алматы облысында 5 мектеп директоры парамен ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал ұстаздар қауымының пара алуына ата-аналар ықпал ететін болып шықты. Бұл арнайы сауалнама нәтижесінде белгілі болды. Анықталғандай ата-аналардың 78% пайызы атаулы күндерге, мерекелерге орай тарту-таралғы жасауды  қолдайтындарын білдірді. Сондай ақ олардың біразы  өздерінің сынып қорын құрып, мұғалімдерге сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар беруді де жөн санайды. Бұл жөнінде бүгін ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінде өткен  дөңгелек үстел барысында мәлім болды.

Жиында ата-аналар комитетінің жұмысын жаңғырту және есеп қисаптарын автоматтандыру туралы пікір айтылды. Бір жарым сағатқа созылған шара қортындысында бірқатар ұсыныстар әзірленді. Аталған ұсыныстар жинақталып еліміздің білім және ғылым министрлігіне жолданатын болды.

Айта кетелік, жалпы Алматы  облысы бойынша 35 мыңнан аса мұғалім еңбек етеді.

Соңғы жаңалықтар