Алматы облысында 49 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Соңғы тәулікте Алматы облысында 49 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде 40 симптомдық, 9 симптомсыз жағдай.

КВИ анықталған 49 адамның 15-і 5 жасқа дейінгі балалар.

7 шілдеде облыс өңірлері арасында коронавирус анықталған аймақтар: Балқаш – 2, Еңбекшіқазақ – 1, Жамбыл – 3, Іле – 6, Қарасай – 7, Қаратал – 4, Талғар – 12, Ұйғыр – 1 және Талдықорған – 8, Текелі – 3.

Бір тәулік ішінде стационардан 10 пациент жазылып шықты, 30 адам үй карантинінен шығарылды.

Жалпы коронавирус індеті тарағалы өңірде қауіпті вирустан 26 625 науқас жазылып шықты.

«2021 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша жалпы облыста 27 877 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген. Оның ішінде симптомы барлар 17 568 адам.

Облыс бойынша коронавирустың өсу қарқыны соңғы 2 аптада салыстыру кезінде 0,1% деңгейінде қалды.

Соңғы аптада ең жоғары өсім Балқаш – 0,9%, Еңбекшіқазақ – 0,2%, Ескелді – 0,4%, Жамбыл – 0,3%, Іле – 0,4%, Қарасай – 0,5%, Қаратал – 0,7%, Көксу – 0,2%, Райымбек – 0,2%, Сарқан – 0,3%, Талғар – 0,4%, Кеген – 0,2% аудандарында және Талдықорған – 0,2%, Текелі қаласында – 0,2% тіркелді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар