Алматы облысында 43 жастағы ер адам ас қасықты әдейі жұтқан

Фото:
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Қонаев қаласының қалалық көпбейінді ауруханасында хирург дәрігерлер 43 жастағы ер адамның асқазанынан ас қасық алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хирург дәрігер Тахир Закирұлы Шүкірәлиевтің айтуынша, мұндай жағдайларда диагностика рентгенографиялық қарауға, эндоскопиялық зерттеуге негізделеді.

Емдеу кезінде күту тәсілі қолданылуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда бөгде зат эндоскопиялық жолмен алынып тасталды.

«Уақтылы диагноз қойылмаған жағдайда қабыну процесі, бөгде заттың айналасындағы инфильтрат, оның іріңдеуі, жылжуы, сондай-ақ ішектің бітелуі немесе перитониті бар перфорация пайда болуы мүмкін. Бұның соңы өлімге әкелуі ықтимал», - дейді Тахир Закирұлы.

Бүгінгі күні пациент өзін жақсы сезінеді және бөгде затты әдейі жұтқанын мойындады.

Пациент Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасының дәрігерлеріне алғысын айтты.


Фото: t.me/DenMinPR


Соңғы жаңалықтар