Алматы облысында 423 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 423 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус індеті тараған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін облыста 38 486 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 26 495 адамда вирус симптомдарымен анықталған.

«19 тамыздағы жағдай бойынша соңғы тәулікте коронавирусты 423 адам жұқтырған. Өсу қарқыны – 1,1%, оның ішінде 363-і симптомды және 60-ы симптомсыз.

КВИ анықталған 423 жағдайдың 58-і 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 30 және студенттер арасында 3 жағдай анықталды.

Облыс өңірлері арасында індет: Ақсу-1, Алакөл-11, Еңбекшіқазақ-38, Ескелді–6, Жамбыл–29, Іле-60, Қарасай-18, Қаратал-23, Кеген–2, Кербұлақ-11, Көксу-11, Панфилов–13, Сарқан-13, Талғар–37, Ұйғыр–26, Талдықорған–103, Текелі-14, Қапшағай қаласында 7 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар