Алматы облысында 420 мыңға жуық адам вакцинаның бірінші бөлігін алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 420 мыңға жуық адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Алматы облысына жыл басынан бері вакцинаның І компонентінің 498 170 дозасы келіп түсті. Оның ішінде 39 500 Hayat-Vax, 422 670 Гам-КОВИД-Вак (Спутник V), 8000 QazVac, 28 000 CoronaVac дозасы.

Ал ІІ компонент бойынша екпенің 292 030 дозасы өңірге жеткізілді. Оның ішінде, 39 500 Hayat-Vax, 216 530 Гам-КОВИД-Вак (Спутник V), 8000 QazVac, 28 000 CoronaVac дозасы аймақтағы медициналық ұйымдарда бар.

Айта кету керек, вакцинаның бірінші компонентімен 419 833 адам егілді, екінші бөлігін 235 579 тұрғын қабылдады. Вакцина алғандардың арасында 11 215-і мемлекеттік қызметкер. 22 579-ы медицина қызметкері. Ал педагогтар саны - 36 568. БАҚ – 139, созылмалы ауруы бар адамдар – 3121 және басқа сала қызметкерлері - 304 735 адам.


Соңғы жаңалықтар