Алматы облысында 410 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 410 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы тәулікте анықталғандардың ішінде 351-і симптомды және 59-ы симптомсыз жағдай.
45-і 14 жасқа дейінгі балалар (10,9%), оқушылар арасында 11 жағдай, студенттер арасында 5 жағдай, мұғалімдер арасында 11 жағдай анықталды.
Аудандар бойынша КВИ аурушаңдығы: Алакөл - 40, Балқаш - 5, Еңбекшіқазақ - 6, Ескелді - 14, Жамбыл - 20, Іле - 7, Қарасай - 59, Қаратал - 20, Кеген - 12, Кербұлақ - 23, Көксу - 8, Панфилов - 22, Райымбек - 5, Сарқан - 15, Талғар - 47, Ұйғыр - 7, Талдықорған қаласында - 90, Текелі қаласында 10 жағдай тіркелді.
«2022 жылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша облыста зертханалық расталған 59 672 короанвирус жағдайы тіркелген. Оның ішінде 44 867 жағдай симптомды.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2737,3. Облыстық сырқаттанушылық көрсеткішінің артуы Талдықорған, Текелі қалалары мен Алакөл, Қаратал, Көксу, Балқаш, Ескелді, Ұйғыр, Талғар, Панфилов, Сарқан аудандарында байқалады.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы екі аптаны салыстырғанда 0,03% - дан 0,4% - ға дейін өсті», - делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар