Алматы облысында 400 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 400 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы тәулікте коронавирус 400 адамнан анықталды. Вирустың өсу қарқыны – 1,0%, оның 326-сында симптом бар 74-інде симптом жоқ. Коронавирус жұқтырған 400 адамның 47-сі 14 жасқа дейінгі балалар, 28-і студенттер және 4 студент бар»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Облыс өңірлері арасында коронавирус Алакөл-19, Балқаш-10, Еңбекшіқазақ-33, Ескелді–28, Жамбыл–11, Іле-42, Қарасай-19, Қаратал-28, Кеген–9, Кербұлақ-12, Көксу-31, Панфилов–21, Сарқан-15, Талғар–42, Ұйғыр–9, Талдықорған–50, Текелі-14, Қапшағай қаласында 7 жағдай тіркелді.

Жалпы коронавирус індеті таралғалы бүгінгі күнге дейін облыста коронавирус зертхана арқылы расталған 38 886 жағдай тіркелген, оның 26 821-інде адамда симптомдар бар.


Соңғы жаңалықтар