Алматы облысында 40 мыңға жуық адам МӘМС жүйесіне тіркелмеген

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында сақтандыру жүйесіне 39 мың адам тіркелмеген. Бұл жөнінде облыстық әкімшілікте өткен селекторлық жиында облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов аталған мәселені шешуге аудан әкімдеріне бір ай мерзім уақыт берді.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақтың айтуынша, медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмеген азаматтарға тек алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Ал МӘМС жүйесіне тіркелу арқылы әрбір азамат толыққанды медициналық көмекке қол жеткізетін болады.

Жиналысқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ерік Байжүнісов пен облыстық басқарма, департаменттер, қала және аудан, округ әкімдері қатысты.

Айта кетерлігі, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің мақсаты – мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ қатысуына негізделген медициналық көмек көрсетудің кепілдіктері мен міндеттемелерін қамтамасыз ететін тұрақты жүйе құру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар